Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

16.06.2017Құрметті әріптестер

Денсаулық сақтау ұйымдарының
қызметкерлеріне

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ең алдымен, бар өмірін халық денсаулығын сақтау мен қорғауға арнап, қазірде құрметті демалыста, біразы әлі күнге дейін еңбек етіп, өмірлік және кәсіби тәжірибесін жастарға үйретіп жүрген сала ардагерлеріне алғыс білдіргім келеді.

Сонымен бірге мереке күні өзінің қызмет орнындағы: ауруханаларда, перзентханаларда, «жедел жәрдем» бригадаларында кезекшіліктегі барлық дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін. Медицина қызметкерінің жұмысының ерекшелігі – адам оған сауығып кетемін деген зор үмітпен келеді.

Мемлекет басшысы біздің алдымызға әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену міндетін қойды, бұл экономиканың басқа да секторларымен қатар денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуды білдіреді. Мен қазақстандық дәрігерлер бұл міндеттерді орындайтынына сенемін.

Бүгінгі күні медицина қарқынды дамуда, медицина қызметкерлері саладағы ғылымның соңғы жетістіктерін ерекше назарға алып, халық денсаулығын жақсартуға қызмет етулері тиіс. Қазіргі таңда медицина қызметкерінен беріліп жұмыс істеп қана қоймай, дами отырып, жаңа технологияларды игеру де талап етіледі.

Денсаулық сақтау жүйесінің бүкіл жетістігінде денсаулықты нығайту мен өмірді сақтауға өз үлесін қосатын дәрігер, мейіргер, фельдшер және жүйенің барлық қызметкері медицинадағы негізгі тұлға болып табылады.

Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін тағы да алғыс білдіремін. Мықты денсаулық, отбасылық береке және қызметте табысқа жетулеріңізді тілеймін!

ҚР Денсаулық сақтау министрі
Елжан Біртанов

A+ A A-