15.06.2017Медицина қызметкері күніне орай
Медицина қызметкері күніне орай ОПО қызметкерлері медицина қызметкерлерінің спартакиадасына белсенді қатысты. Қатысушылар жүгіруден, көңілді эстфетадан, армреслингтен, арқан тартудан жарысты, тіпті ең кішкентай қатысушы, төрт жастағы жеткіншек Кузнецова Ксения перинаталдық орталықтың атынан сайысқа түсті.
Спартакиада көңілді, есте қаларлықтай тамаша өтті. Жарысқа қатысушылар арасында шынайы қызу тартыстар да жиі болып тұрды. Қызметкерлер айтарлықтай көңіл көтеріп, жағымды әсер алып қайтты. Спартакиададан жарқын және әсерлі естеліктер қалды. Барлық медицина қызметкерлеріне жан салып, бірлесе, белсенді қатысқаны үшін және спорттағы жоғары жетістіктері үшін алғыс білдіреміз.