Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

26.07.2017ЭКСПО — «Болашақ энергиясы»

ЭКСПО-ның негізгі тақырыбы — «Болашақ энергиясы», ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіреді.

«Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК қызметкерлерінің 70 адамнан құралған тобы Астана қаласындағы ЭКСПО — 2017 халықаралық көрмесінде болып қайтты.

Көптеген қызметкерлер Отанымыздың түрленген жаңа астанасын алғаш рет тамашалады. Таңдану, сүйсіну, ауқымдылық, зәулімділік — бұның бәрі ЭКСПО-ға барған кезде ғана таң-тамаша қалдыратын әсерлер. Көрменің сәулеттік ансамблінің дизайны өте қызықты. Барлық көрме павильондары сан алуан және ЭКСПО-ның негізгі тақырыбын ашып көрсетуде. Көрмені орналастыру және әсем безендіру идеясы таң қалдырды. Әрине, бұның бәрін бір күнде аралау мүмкін емес, бірақ жалпы өте жақсы әсер әсер қалдырды. Әсіресе, біздің қазақстандық көрме павильондарының күрделілігі көздің жауын алады.

Әрқайсысы ұмытылмас әсер алып қайтты. ЭКСПО — 2017 көрмесіне баруға жағдай жасаған ұйымымызға алғысымыз шексіз! Біз бәріміз бір тұлғадай елімізді мақтан етеміз! Жасай бер, гүлдене бер, біздің Қазақстан!

A+ A A-