27.07.2017Аяғанова Аягөзді марапаттау
Адал атқарған көп жылғы еңбегі, перинаталдық орталықтың жұмысына қосқан зор үлесі үшін, Астана күні құрметіне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ақсақалов Құмар Іргебайұлы босанғаннан кейінгі бөлімшенің акушері Аяғанова Аягөз Еркебұланқызын жеке құттықтап, Алғыс хатты табыс етті.
Перинаталдық орталықтың ұжымы құттықтау сөздеріне қосылып, Аягөз Еркебұланқызына мықты денсаулық, бақыт, қуанышты күндерінің көп болуын және ұзақ ғұмыр тілейтіндерін жеткізді.