Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

13.10.20172017 жылғы 11 қазанда «Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiн енгiзу барысы туралы» дөңгелек үстел өттi

ОПО бас дәрiгерi Ж.Қ. Мауытова «Нұр Отан» партиясының бастамасымен 2017 жылдың 11 қазанында өткiзiлген «Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiн енгiзу барысы туралы» дөңгелек үстел отырысына қатысты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының өкiлдерi, Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорының Төрағасы, Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты З.Д. Аманжолова, селекторлық режимде СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, МӘМС Қоры Солтүстiк Қазақстан филиалының басшылығы, облыстың медициналық ұйымдарының басшылары, өңiрлердiң медициналық қоғамдары талқылауға қатысты. Дөңгелек үстелдi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Л.М. Ақтаева ашты.

Селекторлық кеңес барысында мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу бойынша iс-шараларды жалғастыру қажеттiлiгiнiң, МӘМС жүйесiнде медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету, МӘМС жүйесiндегi медициналық қызметтердiң көлемi мен сапасының мемлекеттiк реттелуiн бұдан әрi дамыту мәселелерi қаралды.

 

2017 жылғы 11 қазанда «Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiн енгiзу барысы туралы» дөңгелек үстел өттi

A+ A A-