Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

27.11.201710-11 қараша Астана қаласында «Бедеулік емдеудің заманауи амал-тәсілдері. ҚРТ: Бүгіні мен болашағы» тақырыбына конгресс өтті

10-11 қараша Астана қаласында «Бедеулік емдеудің заманауи амал-тәсілдері. ҚРТ: Бүгіні мен болашағы» тақырыбына конгресс өтті.

Аталған форум бұл — Қазақстан репродукциялық медицина ассоциациясыныңIX Халықаралық Конгресі, оған Облыстық перинаталдық орталықтың репродукциялық мәселелер кабинетінің дәрігері Звягина Ольга Владимировна қатысты.

Форумда репродукциялық медицина және ҚРТ саласында жұмыс істейтін дүние жүзінің әр елінен келген мамандар баяндама жасады.

Бұл акушерия мен гинекологияның, репродуктология мен андрологияның, эмбриология мен генетиканың өзекті мәселелерін талқылауға арналған негізгі республикалық алаң болып табылды.

Конгрестің қатысушылары - Орталық Азия елдерінен келген біздің әріптестеріміз: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, сондай-ақ Ресей, Украина, Белоруссия. Спикерлер арасында Израиль, Индия, Бельгия, Ресей, Украина, Дания елдерінің мамандары болды.

A+ A A-