10.10.2014Қазақстаннан тысқары жерлерде дәрігерлердің машықтанулары
Қазақстаннан тысқары жерлерде Кардиологиялық орталық дәрiгерлерiнiң машықтанулары үзiлiссiз өткiзiлiп жатады. Рентген-хирург дәрiгерi Те Дмитрий Валерьевич 2013 жылғы маусымның 3-iнен 28-iне дейiнгi аралықта Америкалық-Автриялық қорымен ұйымдастырылған («БИЛИМ» орталығы), (Австрия) Вена қаласының Вильгельиненшпиталь госпиталiнiң кардиологиялық бөлiмшесiнiң негiзiнде интервенциондық кардиология және радиология бойынша грант-машықтанудан өттi. Машықтану профессор, кардиология бөлiмшесiнiң меңгерушiсi Курт Хубердiң жетекшiлiгiмен өткiзiлдi. Машықтанудан өткен уақытта дәрiгерлер клиника жұмысының ұйымдастырылуымен және құрылымымен, жiтi коронарлық синдромымен ауыратын науқастарды қоса, жүрекке түтiк енгiзу зертханасындағы интервенциондық араласудың барлық спектрiмен таныс болды. Бағдарламаға мiндеттi түрде емделушiнi жетекшiлiкке ала отырып, кейiн ағылшын немесе немiс тiлде жазбаша есеп берiп, профессордың алдында оны қорғау енгiзiлдi. Бiр уақытты Австрия денсаулық сақтауды ұйымдастыру және менеджмент бойынша, Автриядағы ғылымның дамуы мiндеттi дәрiстерiне, Вена қаласының ғылыми медициналық кiтапханасына барды, Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесiн ұйымдастыру және құрылымы туралы презентациясымен сөйлеп, шеберлiк-сыныптарға, тренингтерге қатысты. Д.В. Те интервенциондық радиология бөлiмшесiнде магистральдiк және перифериялық артерияларға, бүйректiң қатерлi түзiлулерi, бауырдың колоректальдi метостазалары кезiндегi iшкi ағза артерияларының транскатетерлiк химиоэмболизациясына интервенциондық араласулар сияқты емдеу шараларымен танысты.
2014 жылғы мамырдың 20-сынан 23-iне дейiн Еуро РСR 2014 Инновациялық халықаралық аккредиттелген (ЕВАС, АМА, Dutch, Swedish Accreditation) жылсайынғы конгресiнiң жұмысына қатысты, Еуропалық кардиологтардың қауымдастығының, терi арқылы кардиоваскулярлық интервенция Еуропалық қоғамдастығының қолдауымен Уильям Винс, Курс Жан Фажаде директор шараның ұйымдастырушысы болды. Конгресс кардиологиядағы сымсыз құрылғылардың имплантациясының инновациялық бейне-презинтациясымен ашылды. Конгрестiң жұмысы барысында қан айналым жүйесiнiң дертiн диагностикалау және емдеудiң жаңа әдiстерi бойынша, интервенциондық инструментарий, ангиографиялық жабдықталу бойынша көптеген мәлiметтер алынды. Словениядан келген мамандармен бiрлескен сесссияда «Иiлген коронарлық артериядан алдыңғы қарынша аралық коронарлық артерияға стенттiң жасанды миграциясын интервенциялық емдеу» презинтация тақырыбымен сөйледi. Емдеу мекемесiне «Euro Intervention» халықаралық журналына жазылу үшiн тiркелдi.
Бүгiнгi таңдағы рентген-хирургтердiң дайындықтары мен шеберлiктерiнiң жоғары деңгейлерi өздерiнiң жинақтаған тәжiрибелерiмен халықаралық дәрежеде шығуға мүмкiндiк бередi. Италияның (Д. Антониуччи, Б. Раймерс) интервенциондық кардиологтарының қоғамдастығы ұйымдастырып, 2014 жылдың 2 және 3 қыркүйегi Венецияда өткiзiлген 14-шi ТОВI Халықаралық конгресiнде (коронарлық бифуркациялық зақымдануларға интервенциондық араласулар мен созылмалы тотальдық окклюзиялар бойынша 14-шi конгресi) дәрiгер Д.В. Тё «Жiтi коронарлық белгiсi кезiнде бифуркациялық коронарлық артерияның қорғалмаған сол жақ бағанасына шұғыл терi арқылы коронарлық араласулар. Бұл бiздiң клиникалық жағдай» тақырыбының алғашқы таныстыруын өткiздi.
Конгресс бағдарламасында созылмалы тотальдi коронарлық окклюзиялар және бифуркациялық коронарлық зақымданулар бойынша интервенциондық араласулар, қантамыр iшiлiк коронарлық ультрадыбыстық және коронарлық резервтiк қан ағысының өлшеуiшiн қолданып, әртүрлi интервенциондық араласулардың техникалары мен емдеудiң, диагностикасының жаңашыл технологиялары қарастырылды. Алыс-жақын шетелден келген әрiптестерiнiң презинтацияларына дискуссия жүргiзуге белсене қатысты, катетерлiк зертхананың және терi арқылы араласулардың жұмыс тәжiрибелерiмен алмасты, Италия, Россия, Египет, Германияның он-лайн оталықтарындағы күрделi терi арқылы араласуларды бақылады. Конгресс жанында терi арқылы араласулардың заманауи технологиялар көрмесiне барды.
Веналық клиникасындағы машықтану және дәрiгерлердiң Халықаралық конгресiне қатысулары интервенциондық кардиология және радиологиядағы теориялық және тәжiрибелiк дағдыларын нығайта түсетiндiгi шүбәсiз, жаңашылдықтар саласындағы ой-өрiстерiн кеңейттi, Кардиологиялық орталықта интервенциондық араласуларды жасау техникаларын жетiлдiруге мүмкiндiк туғызды, бұл деген кардиологиялық науқастардың ғана емес, сондай-ақ бiздiң облысымыздағы онкологиялық науқастардың да өмiр сүру сапасын жақсартуға септiгiн тигiзедi.