10.10.2014Ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу бойынша мәліметтер
Қан айналым жүйесi ауруынан (одан әрi ҚАА) тұрғындардың өлiм-жiтiмiн және дертке шалдығу деңгейiн азайту жөнiндегi шараларды жүзеге асыру мақсатында бас дәрiгерлердiң емдеу iсi жөнiндегi орынбасарлары, кардиологтар мен облыстың кардиологиялық қызметiне жауапты тұлғалары үшiн 2014 жылғы 4 қыркүйекте Кардиологиялық орталық базасында ғылыми-тәжiрибелiк конференция өткiзiлдi. Конференция жұмысына «Қатерлi резистенттiк күре тамыр гипертониясы. Ырғақтың бұзылуы, ЭКГ талдау» тақырыбындағы баяндамасымен «Академия Медтроник» өкiлi м.ғ.к. Ажар Нұғыманова қатысты. Қан айналым жүйесi дертiнен өлiм-жiтiм себептерiнiң құрылымы туралы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ҚАА сұрақтары жөнiндегi үйлестiрушi Б.М. Мұстафина баяндады. Облыстың штаттан тыс бас кардиологi М.П. Телюк ауруханаға жатқызылғанға дейiн ЖКС кезiндегi шұғыл көмек көрсету алгоритмiн сақтау жөнiндегi сұраққа тағы да бiр рет қайталап тоқталып кеттi. 2014 жылдың 8 айында емделушiлерге кардиохирургиялық және қантамыр хирургиялық көмек көрсету жөнiндегi ақпараттарымен кардиохирургия бөлiмшесiнiң меңгерушiсi И.В. Шумаков пен қантамыр хирургия бөлiмшесiнiң меңгерушiсi С.В. Череда сөйледi. 24/7/365 режимiндегi рентгенэндоваскулярлық хирургия және сәулелiк диагностика бөлiмшесiнiң жұмысы туралы бөлiмше меңгерушiсi М.М. Кудратуллаев айтып өттi. Сол жақ коронарлық күре тамыр бағанын стентирлеу клиникалық жағдайы туралы конференцияға қатысушы дәрiгер А.А. Молжiгiтов ұсынды.