Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

10.11.2014Кардиологиялық орталықтың қонақтары

Ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргiзу аясында қарашаның 6-сы және 7-сi күндерi Кардиологиялық орталыққа ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтiк дамыту министрiлiгiнiң медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетiнiң төрағасы — А.М. Құрманов, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтiк дамыту министрiлiгiнiң ТМККБ көлемiне сараптамалау басқармасының басшысы — Н.А. Нығмановалар келiп кеттi. Қонақтармен бiрге СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы — Қ.Е. Сақтағанов, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтiк дамыту министрлiгiнiң медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетi департаментiнiң басшысы — Д.Е. Бейсембаевтар келдi. Кардиологиялық орталыққа келген қонақтар кардиохирургия бөлiмшесiнiң, қарқынды терапия блогiнiң, ангиографиялық зертхананың, экспресс зертхананың заманауи жабдықтарын, клиникалық-диагностикалық зертханаға реагенттiк контрактiге сатылып алынған электрохемилюминисценттiк талдағышын пен гемотологиялық талдағышын көрiп шықты. Қонақтар бөлiмшелердегi науқастамен әңгiмелесiп, Кардиологиялық орталықтың қызметкерлерi көрсетiп жатқан медициналық көмектiң деңгейi туралы емделушiлердiң пiкiрлерiн тыңдады. Кәсiпорын басшылығы да, алдымыздағы жылға жоғары мамандандырылған қызмет көлемiн жоспарлау бойынша, ашық жүрекке жасалатын гибридтiк оталарға ақы төлену жөнiндегi, басқа бейiндегi мамандармен, атап айтқанда онкологтармен бiрлесiп жасалатын оталар спектрiн кеңейту туралы өздерiнiң маңызды сұрақтарын қойды.

A+ A A-