27.11.2014Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту
Ұжымымызда 2014 жылғы 27 қараша күнi Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiн атап өтуге арналған, салтанатты конференция өттi. 1 кардиология бөлiмше қызметкерлерi Тәуелсiз Қазақстанның дамуы мен нығаюындағы Ұлт басшысы — Тұңғыш Президенттiң рөлi туралы бейне роликтiң көрсетiлуiмен қызықты баяндама дайындады. Конференцияда бас дәрiгер — А.Б. Мағзұмов, бас дәрiгердiң емдеу iстерi жөнiндегi орынбасары — Б.М. Мұстафина, Кардиологиялық орталықтың үздiк қазметкерлерi өздерiнiң құттықтауларын және Президент Н.А. Назарбаевпен кездескен кездегi алған әсерлерi туралы айтты. Бөлiмшелерде мерекелiк қабырғалар рәсiмделген, ғимараттың алдыңғы жағында баннер iлiнген.