02.12.2014Облыс әкімінің сапары
Кардиологиялық орталыққа жоспарлы түрдегi сапарымен облыс әкiмi Е.Х. Сұлтанов, облыс әкiмiнiң әлеуметтiк сұрақтар жөнiндегi орынбасары А.К. Дүйсенова келiп кеттi. Қонақтарды СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Е. Сақтағанов қоштап жүрдi.
Кардиологиялық орталықты аралаған кезде қонақтар кардиохирургиялық, ангиохирургиялық бөлiмшелердегi, қарқынды терапия блогiндегi, ангиографиялық, клиникалық-диагностикалық және экспресс зертханалардағы заманауи жабдықтармен танысып шықты.
Кәсiпорынның бас дәрiгерi А.Б. Мағзұмов 226-036-000 және 253-010-015 бағдарламалар бойынша 2013 жылғы кәсiпорынның бюджетi мен 2014 жылғы қаржыландыру туралы және осы жылы мемлекеттiк тапсырыс қаражаттары есебiнен, жергiлiктi бюджет трансферттерi мен лизингiлiк жүйе бойынша сатылып алынған жабдықтар туралы айтты. Ашық жүрекке жасалған оталардың: қолқалық және маммарно-коронарлық шунтирлеу, жүрек қақпақшаларының пластикасы мен протездеуi, сол жақ қарынша пластикасы, өткiзiлген коронарографиялар, стентирлеулердiң саны туралы, 2014 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мәлiметтер ұсынылды. Облыс әкiмi қантамыр хирургтерi жасайтын оталардың 100 астам түрлерiмен: оның iшiнде қолқаға, ұйқы күре тамырына, перифериялық күре тамырға, қолқа аневризмасы мен перифериялық күре тамырларына жасалатын күрделi оталар туралы құлағдар болды.
Кәсiпорын басшысы алдымыздағы жылда көрсетiлетiн жоғары мамандандырылған қызмет көлемiнiң жоспарымен бөлiсiп, электрокардиостимуляторларды орнату, қатерлi iсiк гипертониясы кезiнде бүйрек тамырларының денервациясы, қатерлi iсiктердi қоректендiретiн, күре тамырлардың эмболизациясы, транскатетерлiк химиоэмболизация сияқты интервенциялық кардиологияда жасалатын оталар спектiрiн кеңейту туралы сөз қозғады.