08.04.20157 сәуір — Бүкіләлемдік денсаулық күні
Кардиологиялық орталықта Бүкiләлемдiк денсаулық күнiне орайластырылған ашық есiк күнi өткiзiлдi. Осы Акция аясында кардиолог, қантамыр хирургия дәрiгерлерi қабылдау жүргiздi. Жұмыс күнi барысында кардиологтар 17 науқас, қантамыр хирургтерi 5 науқасты қабылдады. Осы ретте барлық медициналық көмекке жүгiнген емделушiлермен жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу, жiтi коронарлық синдром кезiнде, кеуде тұсындағы ауырсынулар кезiнде медициналық көмекке ерте кезде жүгiну бойынша әңгiмелер жүргiзiлдi. Кардиолог дәрiгерлер саламатты өмiр салтын ұстану, емдiк тамақтану, еңбектену және демалу тәртiбiн сақтау бойынша кеңестер бердi.