27.07.2015Қазақстандық интервенциялық кардиологтары мен рентгенхирургтері қоғамдастығының аймақтық 3-ші көшпелі сессиясы
2015 жылғы шiлденiң 24-i және 25-сi күндерi Кардиологиялық орталық базасында Интервенциялық кардиологтар мен рентгенхирургтердiң қазақстандық қоғамдастығының 3-шi аймақтық көшпелi сессиясы өттi. Сессияға Қазақстанның барлық облыстарының өкiлдерi, сондай-ақ Ресейден, Австриядан, барлығы 100 адамға жуық қатысушы болды.
Дәрiгерлер саладағы бар проблемаларды талқыға салып, тәжiрибе алмасты. Шетелдiк қонақтар солтүстiкқазақстандық мамандардың жұмысына жоғары баға бердi.
Сессияның қорытындысы бойынша облыстың онкологтарымен, невропатологтарымен және нейрохирургтарымен бiрлесiп Солтүстiк Қазақстан облысындағы онкоинтервенция және нейроинтервенцияны дамыту туралы шешiм қабылдады.
Қазiргi уақытта қазақстандық клиникаларда 130 интервенциондық мамандар жұмыс iстеуде. Келесi жолы олар кеңейтiлген құрамда 2016 жылы Астана қаласында өтетiн съезде кездесетiн болады.