Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

26.09.2015Ресейлік кардиологиялық қоғамдастықтың конгресі

3-кардиология бөлiмшесiнiң меңгерушiсi Т.А. Захарова 2015 жылы 22-25 қыркүйек күндерi Мәскеу қаласында өткен, Рессейлiк кардиологиялық қоғамдастық конгресiнiң жұмысына қатыстып келдi.

Конгресс жұмысы 3 секция бойынша 3 палатада өттi (Түрлi-түстi зал, Президенттiк залының аумағы, Оң жақ холл).

Конгрестi өткiзуге «Санофи», «Тева», «Пфайзер», «ПРО. МЕД. ПРАГА», «Берлин-Хеми», «БерингерИнгельхайм», «Гедеон Рихтер», «Астра Зенека», «Эгис», «Сервье», «Новартис», «КRКА», «Актавис», «ДжиИХэлскеа», «Сандоз», «Амджен», «Акрихин» сияқты әртүрлi компаниялар қолдау көрсеттi.

Конгреске әртүрлi елдерден қонақтар келдi: АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, Германия, Франция.

Барлық секцияларда кардиологиялық науқастарды емдеу саласындағы өзектi тақырыптарда баяндамалар оқылды.

Ресейлiк және шетелдерден келген кардиологтар әртүрлi баяндамалар оқыды: «Миокард инфарктi 2015», «Жоғары қауiптi АГ, аурудың болжамын қалай жақсартуға болады», «Заманауи кезеңдегi несеп айдау терапиясы», «Қақпақшалық емес жүрекше фибрилляциясы кезiндегi инсульттiң алдын алу — тиiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi», «Артериялық және өкпелiк гипертензияны диагностикалау мен емдеудегi талас тудыратын және шешiлмеген сұрақтар», «Жүрек функциясының жетiспеушiлiгi медициналық-әлеуметтiк проблемасы», «Қақпақшалық емес жыбырлақ аритмиямен ауыратын науқастарды емдеу кезiндегi ЭХОКГ-нiң рөлi» және басқалар.

Кардиологиялық науқастарды емдеу жөнiнде айтылған, шетелдiк және ресейлiк алдыңғы қатарлы кардиологтардың тәжiрибелерiнен алынған ақпараттар, облыс тұрғындарының игiлiгi үшiн Кардиологиялық орталықта жүзеге асырылады.

A+ A A-