Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

30.11.2015Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму

Кардиологиялық орталық ұжымы ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты кезектi Жолдауын толқып тыңдады.

Аса күрделi, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлерi мен тың мүмкiндiктерi қатар өрбiген жаһандық ахуал бiздiң көз алдымызда өзгеруде. Бүгiнде Қазақстан экономикасына әлемдiк рыноктардағы құлдырау туындатқан бiрқатар сыртқы факторлар терiс әсерiн тигiзуде. Әлем тұрақсыз бола түстi. Жетекшi державалар бiр-бiрiне қарсы санкциялар енгiздi. Олардың арасындағы сенiм күрт төмендеп кеттi. Таяу және Орта Шығыс, Солтүстiк және Орталық Африка өңiрiндегi тұрақсыздық пен дау-жанжалдар кең ауқымды босқындар ағынына апарып соқтырды. Әрбiр күн террорлық актiлер мен ондаған адамдардың қаза тапқандары туралы хабарлар жеткiзуде. Бүгiнде халықаралық терроризм әлемге елеулi қатер төндiрiп тұр.

«Қазақстан-2030» стратегиясында айтылған, ұзақ мерзiмдi басымдылықтар, қазақстандық қоғамды дамытудағы бiздiң нақты бағытымыз болып қала бередi. Сыртқы жағдайларға тәуелдi болмай, керiсiнше алға басуға бағытталған және нысаналы түрде өз бағытымызбен жүретiн, нақты және сенiмдi стратегияның болу қажеттiлiгiн, осы уақытта жүрiп өткен жолымызда көрдiк.

ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауында таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады ескертiп өткен. Дағдарыс жағдайларында, әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғанындай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүрiп жатыр. Қолдауды экономикалық өсiм мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативтi тиiмдiлiк беретiн салалар алуы тиiс.

Елiмiзге қиын-қыстау уақытта ештеңеге де қарамастан, бiз халықты әлеуметтiк қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз мемлекет жәрдемақы мен төлемдердiң үлкен көлемiн қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан астам азамат алады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерiнiң еңбекақысы орташа алғанда — 28 пайызға дейiн, бiлiм беру саласы қызметкерлерiнiкi — 29 пайызға дейiн, мүгедектiк пен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтiк жәрдемақылар, стипендиялар 25 пайызға дейiн өсiрiлетiн болады.

Бiздiң даму жолымызда көптеген қиыншылықтар мен тосқауылдар кездеседi, бiрақ бiздiң Президентiмiз өз халқына сенедi, ал бiз өз Президентiмiзге сенемiз және алдағы қиындықтарды бiрлесiп абыроймен жеңiп, бiздiң жалпы үйiмiзде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтап қаламыз.

A+ A A-