28.03.2016Астана қаласындағы жылсайынғы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындылары
2016 жылы 26 наурыз Астана қаласында «Жiтi миокард инфарктiн емдеудiң бiрiктiрiлген моделi» атты 3-шi республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өттi. Солтүстiк Қазақстан облысынан барған делегацияның құрамында қанайналым жүйесi ауруларының үйлестiрушiсi Б.М. Мұстафина, облыстың штаттан тыс бас кардиологы М.П. Телюк, бас дәрiгердiң ұйымдастырушылық әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi орынбасары М.Ө. Кошекова, РЭВХ және СДБ меңгерушiсi М.М. Кудратуллаевтар қатысты.
Облыстардан келген өкiлдер өз баяндамаларында жiтi миокард инфарктi кезiндегi кардиологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету бойынша, жiтi миокард инфарктiн хирургиялық емдеу тәжiрибелерiмен, интервенциялық кардиологияны дамыту, кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтердiң мәселелерi мен олардың шешу жолдары туралы ойларын ортаға салды.
Облыстың штаттан тыс бас кардиологi М.П. Телюк «Солтүстiк Қазақстан облысындағы кардиологиялық науқастарға жедел көмектi ұйымдастыру» тақырыбына баяндама даярлады.