04.12.2017Кардиологиялық орталықтағы кезекті шеберлік класы
Кардиологиялық орталық базасында 2017 жылғы 4 желтоқсан күні Алматы қ. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі магистр М.С.Бердиходжаевты шақыра отырып «Проксималды қорғаумен ұйқы күретамырын стенттеу» тақырыбында шеберлік класы өткізілді.
Көрсетілген ұйқы күретамырын стенттеуді өткізу неврологиялық науқастардағы инсульттің алдын алуына мүмкіндік береді.