Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

12.12.2017Пайдалы кеңестер СТЕНОКАРДИЯ


Кеуде тұсыңызда бірнеше минут бойы күрт ауырсыну сезінсеңіз, стенокардия ұстамасы болуы мүмкін. Стенокардия жүрек бұлшық еті ишемиясының құрамдас бөлігі болып саналады. Ұстама жүрек бұлшық етіне келетін қанағымының аз болуынан басталады. Мұның салдарынан жүрекке оттегі мен басқа да қоректендіргіш заттар қажетті деңгейде жетпейді.

»Стенокардия ұстамасы кезінде адам сол жақ иығы мен жауырыны және қолының ауырсынуын сезінеді. Сонымен қатар, науқас жылыдан суыққа шыққанда ауырсыну күшейе түседі.

»Стенокардия ұстамасы не тым жиі, не керісінше, айтарлықтай сирек пайда болуы мүмкін. Әдетте, ауыр ұстама салдарынан жүректің бұлшық еті тіндерінің өліеттенуіне, яғни инфарктке әкеліп соқтырады. Осыдан кейін зақым тиген жерде тыртық тін пайда болады.

» Стенокардия ұстамасы кезінде науқасқа нитроглицерин немесе валидол таблеткасын беру қажет. Бұл ретте нитроглицериннің жылдам әрекет ететінін, ал валидолдың әсер ету уақыты ұзақ екенін ескерген жөн.

»Терапия курсын ашығудан бастаған дұрыс. Тамақтанудан бірден толық бас тарту қиынға соқса, тек бал, жеміс-жидек, көкөністер мен жаңғақтарды пайдаланумен шектелу керек.

A+ A A-