21.12.2017ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ ИГОРЬ ШУМАКОВ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Егеменді мемлекетіміздің басты ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні қарсаңында Петропавлда облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен салтанатты жиы өтті. Қалыптасқан дәстүрге сай өңір жетекшісі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ солтүстікқазақстандыққа наградаларды табыстады.
Марапатқа ие болғандардың қатарында жерлесіміз, облыстық кардиологиялық орталықтың бөлімше меңгерушісі Игорь Шумаков та бар. 20 жылдың еңбек өтілі бар тәжірибелі кардиолог-дәрігер «Құрмет» орденін тағынды. Игорь Витальевич ғылымның жаңа жетістіктерін тәжірибеде қолданып, науқастарды зерттеудің заманауи әдіс-тәсілдерін енгізуді қатар алып жүрген білікті дәрігер.