Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

29.12.2017Денсаулық сақтау мекемелері арасында ұйымдастырылған «Мәңгілік ел: Қазақстанның кемел болашағы» ІІ республикалық байқауында СҚО кардиологиялық орталығы ұжымының еңбегі еленді

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған байқауда Кардиологиялық орталықтың бас дәрігері — Азамат Белгібайұлы Мағзұмов мемлекеттік тілді дамытуға жан-жақты қолдау жасаған ұйым басшысы деп танылып, «Тіл жанашыры» төс белгісін иеленді. Ал рентген-хирург Дмитрий Тё «Жас дарын» аталымында жеңімпаз атанды. Мекеменің тіл маманы Гүлзира Жумина дипломмен марапатталды.

Денсаулық сақтау мекемелері арасындағы республикалық байқау осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Оны ұйымдастырушы — Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты. Қатысушылар 10 аталым бойынша сынға түсті.

Байқаудың мақсаты — мемлекеттік тілдің мәртебесін асырып, оның қолданылу аясын кеңейтуге қомақты үлес қосып жүрген медицина ұйымдарының басшыларын, қызметкерлері мен тіл мамандарын ынталандыру, мемлекеттік тілді оқыту сапасы мен деңгейін көтеру.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді» - деген болатын. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтардың саны 2020 жылға дейін 90 пайызды құрауы қажет екенін атап өтті. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту мәселесі денсаулық сақтау саласының іс-шаралар жоспарына енгізіліп, басты міндеттердің бірі ретінде белгіленді.

A+ A A-