Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

17.01.2018СҚО кардиологиялық орталығының бас дәрігері Азамат Мағзұмов: «Жолдау – Қазақстан қоғамын жаңартуды қамтамасыз ететін жаңа экономикалық саясат негізі»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2018 жылдың 10-қаңтарында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етті. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталған құжатта Елбасы жүзеге асырылуы тиіс 10 негізгі бағытты айқындады. Мемлекет басшысы Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы керектігіне тоқталған. Заманауи технологияларды құрылыс саласында да пайдалану аса маңызды. Бұл халықтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қаржы секторын қайта жаңарту қажет. Бұл қадам еліміздегі банк секторын жандандырады, делінген Жолдауда. Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталдың сапасын арттыруды да сөз етті. «Халыққа сапалы білім алуы үшін, сапалы медициналық қызмет көрсетілуі үшін барлық жағдай жасалуы керек» — деді Президент.

Осы орайда облыстық кардиологиялық орталықта атқарылып жатқан іс-шаралар ауқымы кең. Бұл ретте жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетудің маңызы зор. Бүгінгі күні біздің білікті кардиохирургтар мен жүрек-қан тамыр хирургтары күрделі оталардың түр-түрін жасайды. 2017 жылдың ішінде орталықта 3948 науқасқа түрлі деңгейдегі ота жасалып, стационарда 6 мыңнан астам науқас ем-дом қабылдады. Жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмек науқастарға аурудың бастапқы кезеңінде шұғыл медициналық жәрдем көрсетуге мүмкіндік беріп, қан айналым жүйесі аурулары салдарынан болатын өлім-жітімді азайтуға септігін тигізді. Осылайша кардиологиялық орталықта жедел миокард инфарктінен қайтыс болу көрсеткшісі 5,0%-дан 4,5%-ға төмендеді.

Мекеме дәрігерлері Елбасы Жолдауында атап көрсетілген ауруды ерте диагностикалау ісіне айырықша көңіл бөледі. 2017 жылы орталықтағы консультативтік-диагностикалық бөлімшенің мамандары 7 336 адамға көмек көрсетсе, оның басым бөлігі, яғни 4738-і — ауыл азаматтары. Жергілікті дәрігерлер қан айналым жүйесі ауруларынан қаза тапқандар санын азайту мақсатында іс-шаралар жоспарын құрып, сол бойынша жұмыс істеуде.

Елбасының биылғы Жолдауы оның әлемдік үрдістерді, қайшылықтар, қауіптер мен катаклизмдерді терең түсінетін сұңғыла мемлекеттік қайраткер екендігін дәлелдеді. Өзім жетекшілік ететін кардиологиялық орталық ұжымы медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау міндетін шешу арқылы еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына сүбелі үлес қоса алатынына сенімдімін. 2016 жылы 27 дәрігер мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін арттырды. Ал 2017 жылы 52 орта медициналық қызметкер білімін жетілдірді. Бұған қоса, жыл сайын кардиологиялық орталықта озық үлгідегі заманауи қондырғылармен қамтамасыз етілу деңгейі айтарлықтай өсіп келеді. Бұл өз кезегінде елімізде денсаулық сақтау ісін жақсартып, дені сау ұлтты қалыптастыруға септігін тигізбек. Өйткені жыл өткен сайын мемлекетімізде әр саланың дамуына тың мүмкіндіктер жасалып жатыр. Ал биылғы Жолдау — Қазақстанда осы уақытқа дейін жүзеге асырылып жатқан реформалардың заңды жалғасы деп білеміз.


A+ A A-