Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

28.02.2018Неміс дәрігерінің дәрісі

Жүрек қан тамырларына ота жасаудың тың әдісі. Облыстық кардиологиялық орталықтың мамандары жүрегінде ақауы бар науқастарға коронарлық артерияға стент салудың тың әдістерін қолдануда. Оларды тәжірибеде пайдалануды Германиядан келген профессор Вернер Хабербош мамандарға шеберлік сағаты барысында көрсетуде.

Коронарлық артерияға стент салудың тың әдісі елімізде, оның ішінде Петропавл қаласында алғаш рет қолданылып отыр. Бұл жаңа өнімді Германияның «Биотроник» компаниясы жасап шығарған. Бұған дейін тәжірибеде қолданылып келген қорытпалы металды стенттан қарағанда мұның әсері әлдеқайда зор көрінеді. Ол науқастың жүрек қан тамырларында ешбір ақаусыз 6-12 ай ішінде бітіп кетеді. Тәжірибеде 2017 жылдан пайдаланылып келеді.

Облыстық кардиологиялық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Асхат Молжігітовтің айтуынша, Германиядан келген профессор Хабербош жүрек қан тамырларына стент салудың тың жобасын тәжірибеде қолдануда бізге шеберлік сағатын өткізуде. Ол басқарып отырған клиникада біздің мамандар дәріс алған болатын. Бұл жаңа әдіс көбіне жастарға қолданылуда. Кепілді медициналық жәрдем берудің арқасында тегін жүргізіледі. Қазіргі таңда 6 маманымыз стент қоюдың жаңа әдістерін меңгеруде. Олардың 3-і рентген хирург және 3 кардиолог.

Вернер Хабербош Германияның Зуль қаласындағы орталық клиниканың кардиологиялық бөлімшесінің меңгерушісі. Ол шеберлік сағаты барысында 4 адамға ота жасады.

Бүгінгі таңда заманауи стенттардың ішінде металдан жасалғандарында кемшін тұстары бар. айталық жүрек қан тамырлары оны әр түрлі қабылдауы мүмкін. ал қазіргі стенттің дизайны өте жұқа. ол құрамында магний бар полимерден жасалған. жүрек қан тамырларына бітіп кетеді. Бүгін екі адамға ота жасадық, — дейді профессор Вернер Хабербош.

2017 жылы облыстық кардиоорталық мамандары 230 адамның жүрегіне ашық ота жасап, 500 науқастың жүрек қан тамырларына стент салған. Профессор кардиоорталықтың мамандары мұндай деңгейдегі оталарды жасай алатынына сенімді. Бұл үшін мекемеде барлық жағдай жасалған.

A+ A A-