19.06.2018Мереке қарсаңындағы спартакиада
Петропавлда медицина қызметкерлері күні қарсаңында «Дені сау дәрігер-дені сау пациент» атты спартакиада өтті. Жарысқа 30 команда, барлығы 400-ге жуық адам қатысты. Ақ халаттылар спорттың 7 түрі бойынша, яғни футбол, волейбол, ерлер және әйелдер арасындағы жеңіл атлетика, арқан тарту, армреслинг және тоғыз құмалақ сынды сайыстардан сынға түсті. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен спартакиада қорытындысы бойынша облыстық кардиологиялық орталықтың командасы екінші орынды иеленді.