Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

02.07.20181 шілде — Ұлттық домбыра күні

1 шілде Ұлттық домбыра күні аясында Облыстық перинаталдық орталықта салтанатты шара өткізіліп, қазақтың қасиетті де құдіретті аспабы — домбыраның жан еліктірер күмбірлеген күйі мен үні жиналған көрермендерді әсем әуенге баурады. Салтанатты жиында Қазақстан халқы ассамблеясының белсенділері осы орайда жылы лебіздерін білдіріп, тұңғыш туылған сәбиге бірегей музыкалық аспапты сыйға тартты. Сыйлыққа салмағы 3563, бойы 54 см болып қызметкерлер отбасында дүниеге келген Сапарбеков Сауран ие болды. Анасы мен ұлына мықты денсаулық, бақыт, бейбітшілік және амандық ізгі тілектері арналды.

A+ A A-