Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

01.03.20182018 жылдың 1 наурызы — ОПО ұжымы Алғыс күнін атап өтті

Атаулы мерекенің құрылтайшысы болып табылатын ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атына, ОПО басшылығы мен қызметкерлері атына көптеген жақсы лебіздер білдірілген салтанатты жиналыс өтті.

Алғыс айту күні — бұл Қазақстанға келген әр түрлі этностың миллиондаған адамын, оның ішінде қайғылы оқиғалар салдарынан қонақжайлылықпен қабылдаған Қазақ жері мен оның халқына ризашылық білдіруге, бұл еліміздің барша азаматының бір-біріне құрмет көрсетуіне мүмкіндік, ортақ тарихымызды қадірлеп құрметтеу және өзара жәрдем беріп, қолдау көрсету күні.

Осынау шұғылалы көктемнің алғашқы күні — Алғыс айту рухани мерекесі еліміздің басты байлығы — халықтың бірлігін бұдан әрі сақтап, нығайта түседі.

Мереке қарсаңында ОПО қызметкерлері 1934 жылы туылған тыл еңбеккері Мухаметдинова Рашида Шагиповнаға барып қайтты, зейнеткердің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары қаралып, қайырымдылық көмек көрсетілді.

A+ A A-