09.08.20242024 жылғы 9 тамызда Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Альназарова келді, оның шеңберінде Көп бейінді облыстық аурухана базасында Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік алқасы өтті
2024 жылғы 9 тамызда Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Альназарова келді, оның шеңберінде Көп бейінді облыстық аурухана базасында Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік алқасы өтті.
Алқа барысында денсаулық сақтау саласын дамытудың өзекті және проблемалық мәселелері айтылды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қаныш Болатұлы Бижанов өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы есеп берді.
Бұдан әрі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы
Батырхан Нұрлыбекұлы Сарымсақов медициналық көмек көрсетуге қатысты проблемалық мәселелер, шағымдар мен өтініштер туралы есеп берді.
Алқа соңында Ақмарал Шәріпбайқызы туындайтын денсаулық сақтау проблемаларын бірлескен күш-жігермен ғана шешуге болатынын атап өтті.