Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

05.03.2018Маңызды ақпарат

Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономика, әлеуметтік сала, саясатқа кері ықпалын тигізеді, ал осы құбылыстан туындайтын оның теріс салдары қоғамның ілгері әрі қарқынды дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, олар туындаған елдердің ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне елеулі қатер төндіреді. Қазiргi заманғы даму кезеңiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мәселелерi Мемлекет Басшысының бес институциялық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 қадам — Ұлт Жоспарын ұсынуымен ерекше өзекті мәнге ие болды. Нақты жемқорлыққа қарсы iс-қимыл проблемасы Ұлт Көшбасшысымен кәсiби мемлекеттiк аппарат құру бойынша шаралар кешенiнде толассыз байланыс сызықпен белгiленген. Осы бастаманы дамыту үшiн Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы қаңтарда Қазақстан халқына Жолдауында негiзгi мiндеттер iшiнде сыбайлас жемқорлық превенциясы бойынша жұмысты күшейту қажеттiлiгiне баса назар аудара отырып, жемқорлыққа қарсы күрес жариялады. Осыған байланысты «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК-да 2018 жылдың 05 наурызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
A+ A A-