Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

02.03.2018«Жаңа Адам — жаңа өмір» қайырымдылық акциясы

2018 жылдың 2 наурызы «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК-да «Жаңа Адам — жаңа өмір» қайырымдылық акциясы өтті.

Қазақстан халқы облыстық асссамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен активистері, Достық үйінің, Ақсақалдар кеңесінің қызметкерлері Алғыс айту атаулы күні — 1 наурызда ана болған әйелдерді құттықтап, олардың сәбилеріне сыйлықтар табыстады.

Осынау мереке күні орталығымызда 7 қыз бала және 4 ер бала туылған.

Көп балалы ана Сапура Қажы Тәшенова жас аналарға және олардың сәбилеріне ақ батасын берді, аналарға сәбилерін мейірімді, елгезек, талапкер адам ретінде тәрбиелеп-өсіруді, сондай-ақ балаларды міндетті түрде емшек сүтімен тамақтандыру қажет деп тапсырды, өйткені мейірбандылық, нәзіктілік пен махаббат сияқты жақсы қасиеттердің барлығы баланың бойына ананың ақ сүтімен даритындығын және емшек сүті бұл — бала денсаулығының, бақыты мен амандық-саулығының негізі деп ерекше атап өтті.

Мол тәжірибелі Ақсақал жас аналарға әйелдің нағыз бақыты — оның отбасы мен балаларында және ата-ананың қаншалықты тәрбиелеп-өсіргені тек баланың ғана емес, сонымен қатар тұтас бір ұлттың амандық-саулығына да ықпал етеді деген өсиет келтірді.

Сапура Қажы Тәшенова 86 жаста және ол жеті бала тәрбиелеп-өсірген «Алтын алқа» алқасының иегері, балаларының барлығы еліміздің лайықты азаматтары. Көп балалы ана белсенді өмір сүру ұстанымындағы адам, Жастар сарайында қыздармен жиі кездесіп, өмір тәжірибесімен бөлісіп тұрады.

Іс-шара Қазақстан халқы Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясымен ұйымдастырылып, ол отансүйгіштікке, махаббат сезіміне, туған жерге адал болуға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

«Жаңа Адам — жаңа өмір» қайырымдылық акциясы «Жаңа Адам — жаңа өмір» қайырымдылық акциясы «Жаңа Адам — жаңа өмір» қайырымдылық акциясы «Жаңа Адам — жаңа өмір» қайырымдылық акциясы «Жаңа Адам — жаңа өмір» қайырымдылық акциясы «Жаңа Адам — жаңа өмір» қайырымдылық акциясы «Жаңа Адам — жаңа өмір» қайырымдылық акциясы «Жаңа Адам — жаңа өмір» қайырымдылық акциясы «Жаңа Адам — жаңа өмір» қайырымдылық акциясы «Жаңа Адам — жаңа өмір» қайырымдылық акциясы
A+ A A-