14.03.2024Біліктілікті арттыру циклі
Көп бейінді облыстық аурухананың инсульттық орталығының дәрігерлер тобы неврологиялық патологиясы бар науқастардың денсаулығын тәулік бойы күзетуде. Ауруханада ангиограф бар, оның көмегімен инсультпен ауыратын науқастарға уақтылы көмек көрсетіледі. 2024 жылдың басынан бері Көп бейінді облыстық аурухананың инсульттық орталығының дәрігерлері 130-дан астам адамның өмірін сақтап қалды.
Қолда бар теориялық білім мен практикалық дағдылардың үлкен көлеміне қарамастан, КБОА невропатологтары пациенттерге сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсету үшін өз біліктілігін үнемі арттырып отырады. 26 ақпаннан бастап Көп бейінді облыстық аурухана базасында біліктілікті арттыру циклі өтуде, оған қала және облыс емханалары мен стационарларының невропатологтары қатысады. Қазіргі уақытта курс гибридті форматта өтіп жатыр.
Лаура Еркенқызы Есжанова, медицина ғылымдарының кандидаты, "Астана медицина университеті" КЕАҚ неврология кафедрасының доценті, жоғары санатты невропатолог дәрігер "Эпилептология және электроэнцефалография негіздерімен неврологиядағы өзекті мәселелер" тақырыбы бойынша дәрістер топтамасын