Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

12.12.2017СҚО онкология қызметінің даму динамикасы

Елімізде онкологиялық қызметті дамыту үшін «Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытуды 2012 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 366 қаулысының қабылдануы маңызды оқиға. Бұл Қаулыда қатерлі жаңа өскіндер мен обыр алды процестерді ерте анықтау мақсатында, онкологиялық пациенттерге жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмекті уақытында көрсету үшін онкологиялық қызмет мамандарының медициналық-санитариялық көмек қызметтерімен тығыз ықпалдасуы қарастырылады.

Қатерлі ісіктерді және обыр алды үдерістерін ерте диагностикалау үшін осы бағдарламаның ережесіне сәйкес көптеген облыс және қала емханаларында заманауи диагностикалық жабдықтар алынды, «СҚО әкімдігінің Облыстық онкологиялық диспансер» ШЖҚ КМК-да заманауи диагностикалық жабдықтар қойылып, сондай-ақ қазіргі заманғы онкология талаптары деңгейінде емдік көмек көрсету үшін жаңа аппараттармен жабдықталды.

2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арнайы онкологиялық бағдарлама бойынша құны 320 млн теңге тұратын «Optima CT - 660» (АҚШ) 64- кесінді компьютерлік томографын сатып алуды ұйымдастырды.

«Siemens acusons 2000» сараптық санатты УДД аппараты 39 млн теңге, бейнеэндоскопиялық колоноскопия және гастроскопия жүйесі жуғыш машинасы бар, бағасы 22,5 млн теңге, рентген-диагностикалық кешен 41,6млн теңге және одан әрі Бағдарлама бойынша.

Қабылданған стандарттар бойынша қазіргі заманғы құрал жабдықтармен жабдықтау нәтижесінде ҚР онкологиялық диспансерлерінде бірнеше жылдар бойы Еуропалық Хаттамаға сәйкес келетіндей диагностикалау жұмысы және пациенттерді емдеу мүмкіндігі пайда болды.

Одан басқа 2013 жылдан бастап ҚЖӨ анықтауға скринингтік зерттеулер саны 6 –ға дейін кеңейтілді: сүт безінің, жатыр мойны обыры, қуықасты безі, өңеш, асқазан, колоректоралдық және гепатоцелюлярлық обыр, сонымен қатар қала және облыстың барлық емханаларында 65 және одан жоғары жастағы адамдар үшін онкологиялық процестерге міндетті түрде профилактикалық қарап-тексеру өткізіледі. Әрбір емхана бойынша скринингтік зерттеулер мен профилактикалық қарап-тексерулерге кеткен шығын републикалық бюджеттен төленсе, онкоскринингті зерттеудің екінші кезеңі негізінен онкодиспансерде және облыстық аурухана мен 3-ші ауруханада жүргізілді.

«2012-2016 жылдарға арналған Онкологиялық көмекті дамыту туралы» ҚР Үкіметінің №336 қаулысын іске асыру бойынша Жол картасы ережелерін орындау және БМСК мамандарының күнделікті жұмысына енгізілген қатерлі ісік (ҚІ) ерте сатыларында анықтау алгоритмін енгізу нәтижесінде барлық онкологиялық қызметтің барлық негізгі көрсеткіштері жақсартылды.

Осы бес жылда СҚО-да көрсеткіші: ҚІ ерте кезеңде анықтау 51,5% - дан 67% - ға дейін артты, Қатерлі жаңа ісіктерді кеш анықтау13,8% - дан 11,4% - ға төмендеді, ал ҚІ өлім-жітім 7%-ға азайды.

Қазіргі уақытта хирургия бөлімшелерінде ҚІ бар ас қорыту жолдарындағы, іш қуысындағы, ішперде арты кеңістікке, өкпе және көкірек бойынша, сондай-ақ бір сәтте илеопластика жасаумен радикалды цистэктомия, простатэктомия операция және т.б. орындалады.

Сонымен қатар, емделушілер үшін аз жарақат келтіретін құрсақ және кеуде қуысына жасалынатын әр түрлі эндоскопиялық операцияларды енгізуді жоспарлаймыз.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, соңғы жылдары онкологиялық қызмет саласының негізгі көрсеткіштері жақсаруда, одан әрі жақсаруы үшін барлық негіз бар, соның ішінде қазіргі заманғы жабдықтар мен жаңа бөлімшелері бар жаңа корпусының құрылысын атауға болады.

«Облонкодиспансер» ШЖҚ КМК бас дәрігері Қ.Е.Сақтағанов

A+ A A-