Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

21.06.2024«ГЭРА және 2 типті қант диабетін хирургиялық емдеудегі инновациялық технологиялар»

Артық салмақ хирургиясы немесе бариатриялық хирургия - бұл артық салмақпен ауыратын науқастардың денсаулығына қатысты мәселелерді шешуге бағытталған медицинаның заманауи бағыты.
Көп бейінді облыстық аурухананың қабырғасында 2024 жылғы 20 және 21 Маусымда "ГЭРА және 2 типті қант диабетін хирургиялық емдеудегі инновациялық технологиялар" мастер-класс өтті.
Лапароскопиялық гастроэнтеростомияның инновациялық технологияларының барлық нәзіктіктері мен нюанстарымен медицина ғылымдарының докторы, профессор, "ҚБжМХҚ " РҚБ президенті, Green Clinic семіздік және қант диабеті хирургиясы орталығының басшысы Орал Базарбайұлы Оспанов өз тәжірибесімен бөлісті.
Профессор аурухана қызметкерлерінің жақсы материалдық-техникалық жабдықталуы мен кәсібилігін атап өтті.
Мастер-класстың өту кезеңінде МӘМС шеңберінде 4 пациентке сәтті операция жасалды.