14.08.2017Қатерлі ісіктердің алдын алуы
Солтүстік Қазақстан облысы аймағында барлық қатерлі ісік ауруларына көп көңіл бөлуде, себебі Қазақстан Республикасының облыстары арасында жыл сайын ауыршаңдық деңгейі жоғары дәрежеде. Ауыршаңдық деңгейінен бірінші төрттікте: өкпе, сүт безі, асқазан және тері обырлары.
Бұл аурулар қандай-да бір белгілі факторлардың ұзақ уақыт ықпалының нәтижесінде пайда болады. Факторларды екі үлкен топқа бөлуге болады. Жалпы факторлар: жиі стресс жағдайына шалдығу, тағам рационында витаминдердің жетіспеушілігі және дұрыс тағам қабылдау тәртібін сақтамау, тағам құрамында канцерогендердің болуы, темекі тарту және арақ ішу сияқты зиянды әдеттерге әуес болу, себебі темекі түтінінде көп мөлшерде белсенді көпциклді ароматты көміртегі, ароматты аминдер, нитрозо қосындылар және канцерогенді қасиеті бар органикалық емес заттар-радий, радиобелсенді қорғасын, мышьяк, полоний бар.
Нақты факторлар: созылмалы аурулар, сүт безінің жарақаттануы, бала емізуді ерте тоқтату, жиі маститпен ауыру, жиі түсік тастау,соляриде жиі болу,көктемде бірінші күн сәулесінен аулақ болу.
Аурудың алдын-алу үшін айтып кеткен себептерді жақсы білу қажет және оны болдырмауға тырысу керек. Жылына бір рет әр адам флюрография тексерісінен өтуі қажет.
Әр қыздың немесе әйелдің денсаулығын сақтау, қатерлі ісікті дер кезінде анықтау үшін бірнеше шарттарды орындау қажет:
- айына 1 рет сүт безін әр әйел өз қолымен тексеріп тұру. Егер тексеріп жатқан кезде сүт безінде және қолтық асты аймағында қандай-да бір қолға сезімтал түйін сезілсе жөне емізіктің себепсіз ішіне тартылуын байқаса міндетті түрде дәрігерге көріну қажет.
- диагностикалық маммография немесе УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) арқылы тексерілу. Маммография — бұл сүт бездерін рентген сәулесінің кемегімен суретке түсіру. Медициналық тексеруден етушілер үшін қарапайым, қауіпсіз және жоғары диагностикалық тиімді әдіс. Бұл тексеру әдісінен қорықпау қажет, себебі ол адам денсаулығына қауіпсіз, ауырсыну сезімін келтірмейтін диагностикалық әдіс.
2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасында скрининг зерттеулері өткізілуде. Бұл зертеуге кіретін әдістер: 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйел адамдар маммография тексерісінен міндетті түрде өту керек, жылына бір рет маммолог пен гинеколог дәрігеріне көріну қажет.
Дәрігер: Хайдарова Д. X.