10.01.2024Мастер класс
Бүгін КБОА Кардиологиялық орталығының базасында аға аппликатор Александр Рыжовтың (Philips компаниясы, Мәскеу) қолдауымен AZURION 7 жаңа заманауи ангиографиялық қондырғысын орнату бойынша 3 күндік мастер-класс өтуде.
Жаңа жабдықта кардиологиялық, аритмологиялық, ангиохирургиялық қантамырларына 30-дан астам эндоваскулярлық интервенциялық операциялар жоспарланған.
Барлық араласулар халыққа қанайналымы жүйесінің ауруларымен күресте жоғары технологиялық көмек көрсету шеңберінде тегін жүргізіледі.
Azurion 7 - бұл интервенциялық эндоваскулярлық кардиологиялық, аритмологиялық, ангиохирургиялық, гибридті емдеу шараларының толық спектрін орындауға мүмкіндік беретін кең детекторы бар жаңа буын ангиографиялық жүйесі.