Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

02.04.2018«Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу»

2018 ж. 02 сәуірі «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК пациенттері үшін учаскелік инспектор Кабуров Ербол «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу» тақырыбында дәріс оқыды.

Инспектор дәріске қатысушыларды қандай қоғамдық орындарда шылым шегу тыйым салынғандығы туралы, сондай-ақ осы тыйым салуды бұзу үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ақпаратпен таныстырып, дәріске қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Заңда шылым шегуге тыйым салынған орындардың тізбесі белгіленген. Шылым шегуші осы орындарда шылым шеге отырып, ол заңды бұзады, демек ол әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-бабындағы 5-тармаққа сәйкес мына орындарда шылым шегуге тыйым салынған:

  • білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда;
  • денсаулық сақтау ұйымдарында;
  • қоғамдық тамақтану орындарында;
  • кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерттерде, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда;
  • мұражайларда, кітапханалар мен дәрісханаларда;
  • поездар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлерде;
  • әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер мен қалалық рельстік көлік салондарында;
  • әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;
  • мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;
  • жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда;
  • үйлердің кіреберістерінде.

Денсаулық туралы кодекстің 159-бабындағы 13-тармақ шылым шегу тыйым салынған орындарда шылым шегуге тыйым салу туралы белгі орнатылуы тиістігін талап етеді. Алайда бұл белгінің болмауы жоғарыда аталған тізбедегі орындарда шылым шегуге рұқсат етпейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 441-бабының 1-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi бұйымдарын тұтыну — жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 441-бабынның 2-бөлігіне сәйкес 441-баптың 1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет — жеке тұлғаларға алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу»

«Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу»

A+ A A-