05.02.2024Хабарландыру
Біз 2024 жылғы 29 қаңтарда Көп бейінді облыстық ауруханада экономика және қаржы Министрлігінің және Францияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауының арқасында Солтүстік Қазақстанда телемедицина жобасының ресми іске қосылғанын қуана хабарлаймыз. "Телемедициналық эко-жүйе" жобасының тұсаукесері ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, СҚО әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов және Франция елшісі Дидье Канесстің қатысуымен өтті.
Француздық HOPImedical компаниясының LIMSTAR мобильді телемедициналық жүйелері шалғай аудандардағы пациенттерді Петропавлдағы ересектер мен балаларға арналған Көп бейінді облыстық ауруханалардың дәрігерлерімен және мамандарымен тікелей байланыстыруға, сондай-ақ қосылған медициналық датчиктерді пайдалана отырып, пациентке қашықтықтан кеңес беруге және тексеріс жүргізуге мүмкіндік береді.
Мобильді телемедициналық жүйелер облыстың 16 елді мекенінде орналасқан.