Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

21.01.20192019 жылғы 21 қаңтардан 26 қаңтар аралығында жатыр мойны обырының алдын алу апталығын өткізу бойынша баспасөз-конференциясы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымда № 395 қаулысымен бекітілген 2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында қатерлі ісікке қарсы күрес жөніндегі Кешенді жоспарды жүзеге асыруға сәйкес 2019 жылдың 21 қаңтардан 26 қаңтар аралығында жатыр мойны обырының алдын алу апталығы өткізіледі.

2019 жылғы 21 қаңтарда сағат 11.00-де облыстық онкологиялық диспансер емханасының мәжіліс залында «Жатыр мойны обырын ерте анықтау және алдын алу» тақырыбына баспасөз-конференциясы өтті.

Баспасөз-конференциясына қатысушылар: «Облыстық онкологиялық диспансер» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Дудяк Олег Викторович, мамандандырылған консультациялық-диагностикалық бөлімше жұмысына жауапты Сандыбаева Күлзипа Қаппасқызы, «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КММ бас дәрігері Ташетова Әлия Жақсылыққызы.

Баспасөз конференциясы аясында жатыр мойны обырын ерте анықтау және алдын алу мәселелері қарастырылды, онкологиялық аурудан халықтың сақтануын арттыру, обырдың алдын алу, сонымен қатар скринингтік тексерулерден өту қажеттілігі туралы хабардар етті.

2019 жылғы 26 қаңтарда жатыр мойны обырының алдын алу апталығы аясында Облыстық онкологиялық диспансердің емханасында «Ашық есік» күні өткізіледі. Пациенттерді сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін гинеколог дәрігер қабылдайды.

Толық ақпаратты 35-00-08, 46-60-08 телефондары арқылы алуға болады.

A+ A A-