Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

16.06.2024Қазақстанның медицина қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті

Осы жексенбіде бүкіл Қазақстанның медицина қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Бұл дәрігерлерге, мейірбикелерге, фельдшерлерге, санитарларға және денсаулық сақтау саласына қатысы бар барлық адамдарға алғыс айту мерекесі.
Медицина колледжінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттарды салтанатты түрде табыс етті.
Еңбек ардагері медалімен ОО онкогинеколог дәрігері Амангелді Қожажұлы Әділшин марапатталды.
Денсаулық сақтау саласының үздігі төсбелгісін КО ревматология бөлімшесінің меңгерушісі Индира Исфаровна Хамзина алды.
Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін төсбелгісін ТВО мейірбикесі Наталья Павловна Полукеева және ПО неонатологы Людмила Александровна Желеховская алды.
ПО босанғаннан кейінгі бөлімшесінің мейірбикесі Алтынай Тұрғынқызы Салимбекова, , КБО сәулелік бөлімшесі меңгерушісінің м.а. Иван Александрович Лейман және ОО химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Айман Болатқызы Болатова ДСМ Құрмет грамотасымен марапатталды.
КБО консультативтік-диагностикалық емханасының мейірбикесі Любовь Васильевна Ушакова ДСМ Алғыс хатымен марапатталды.
КБО консультативтік-диагностикалық емханасының мейірбикесі Орынбасар Қалаутденқызы Нұрмолдина СҚО әкімінің Алғыс хатын алды.
Amanat партиясының алғысхатын ОО сәулелік терапия бөлімшесінің мейіргері Абзал Жұмабекұлы Мұхамадиев, КБО нейрохирургия бөлімшесінің аға мейірбикесі Елена Юрьевна Литвинова, КО рентгенендоваскулярлық хирургия және сәулелік диагностика бөлімшесінің рентген-хирургі Зуфаржон Эрматжонұлы Раиымжанов, ПО гематолог дәрігері Ислам Жұмабекұлы Өтеш алды.
Әріптестерімізді осындай жоғары марапаттарымен құттықтаймыз!!!
A+ A A-