22.11.2017ТҰМАУ және ЖРВИ
Тұмау мен ЖРВИ жөнiнде ненi бiлу қажет?
Тұмау және ЖРВИ — бұл тыныс алу жолдарының жiтi инфекциялық аурулары. Науқас адамнан сау адамға ауа-тамшы жолдары арқылы берiледi. Әсiресе осы инфекцияларға 6 айдан 5 жасқа дейiнгi балалар, жүктi әйелдер, 60 жастан асқан адамдар шалдыққыш болып келедi.
Аурудың негiзгi белгiлерi: көп мөлшердегi бөлiндiмен мұрынның бiтелуi, жұтқыншақтың, көмейдiң, бадамшалардың қабынуы, жөтел, қарлыққандық, iсiну және қабақтардың қызаруы, дене қызуының 390С-ге дейiн көтерiлуi.
Егер сiз немесе жақындарыңыз сырқаттанған жағдайда дәрiгердi үйге шақырту қажет. Өз-өзiңiздi емдеумен айналыспаңыз, жiтi инфекциялар асқынуымен қауiптi, әсiресе жүктi әйелдер үшiн қауiптi.
Тұмау мен ЖРВИ-ден сақтану үшiн:
- вакцинациядан өтiңiз.
- суық тигiзбеңiз,
- бөлмелердi үнемi желдетiп, ылғалды жуып-тазалауды өткiзiп тұрыңыз,
- қолыңызды жиi жуыңыз,
- мұрынның сiлемейлi қуысына оксолин жақпамайын жағып отырыңыз,
- тамаққа пияз, сарымсақ және А,С витаминдерiне бай азық-түлiктердi қолданыңыз,
- медициналық масканы қолданыңыз,
- тұмаумен және ЖРВИ-мен сырқаттанған науқастарды жеке бөлмеге оқшаулаңыз.
Денсаулығыңызды күтiңiз! Саламатты өмiр салтын ұстаныңыз!