Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

16.11.2019ҚР Денсаулық сақтау Министрінің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары

ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов 16 қараша Солтүстік Қазақстан облысына келді. Жұмыс сапары барысында министр Облыстық перинаталдық орталықтың қызметімен танысты.

Қазіргі таңда өңірдегі Облыстық перинаталдық орталықта 52 дәрігер еңбек етуде. Жалпы штатта 377 қызметкер. Стационар 165 төсек-орынға шақталған. Орталық құрамында 20 төсек-орындық босану бөлімшесі, босанған әйелдерге арналған 65 төсек-орындық босанғаннан кейінгі бөлімше жұмыс істейді. Жүктілік патологиясы бөлімшесі 30 төсек-орынға, гинекология бөлімшесі 10 төсек-орынға, ересектер реанимациясы бөлімшесі 5 төсек-орынға шақталған, сондай-ақ консультациялық-диагностикалық бөлімше де бар.

Перинаталдық орталық заманауи жабдықтармен толық жарақтандырылған.

Жыл басынан бастап 1 қарашаға дейінгі аралықта 5 455 бала дүниеге келген. Сапар барысында министр Облыстық перинаталдық орталықтың жұмысына оң баға берді. Сонымен қатар дәрігерлердің жоғары біліктілігін атап өтті.

A+ A A-