10.01.2024Бүгін 2024 жылдың 10 қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Кардиологиялық орталыққа барды
Кездесу қала әкімі Серік Махсұтұлы Мұхамедиев пен СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Тілебалдыұлы Күсемісовтың қатысуымен өтті.
Сапардың басты мақсаты-орталықтың жұмысымен танысу, 2023 жылғы жұмысты қорытындылау, ангиограф орнату және күрделі жөндеу.
Орталықтың қызметі туралы директор Молжігітов Асхат Асхарұлы баяндама жасады.
Сапар барысында күрделі жөндеуден кейінгі 3-ші қабат ұсынылды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ангиографиялық кабинеттің жұмысымен танысты, меңгерушілермен және жас мамандармен әңгімелесті, 5 қабатты (реанимация бөлімшесі, оңалту бөлімшесі)күрделі жөндеу бойынша проблемалық мәселелер айтылды.