Көпсалалы
областық
аурухана

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Азаматтарды қабылдау кестесі
Қабылдауға жазылу келесі call-center арқылы: 63-03-80
Қабылдауға жазылу сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін
Демалыс және мереке күндерден басқа

19.11.2018«Антибиотиктердің тиімді пайдаланылуы» тақырыбына арналған семинар

2018 ж. 14 қараша Облыстық перинаталдық орталықта жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өткізілетін «Бірыңғай денсаулық» Кампаниясы аясында семинар өтті. Семинар антибиотиктердің тиімді пайдаланылуы тақырыбына арналды.

Микробтарға қарсы препараттарға төзімділік (МҚПТ) заманауи медицина негіздеріне және инфекциялық аурулардың тарапынан тұрақты қатерге тиімді жаһандық медициналық-санитариялық тойтарыс беру шараларының сенімділігіне қауіп төндіреді. Микробтарға қарсы тиімді препараттардың болуы профилактикалық, сонымен қатар емдік шаралар үшін де міндетті шарт болып табылады, өйткені олар пациенттердің потенциалды қатерлі аурулардан қорғалуын қамтамасыз етіп, хирургиялық операциялар және химиятерапия ретінде осындай күрделі емшараларды мейлінше қатерсіз өткізуге мүмкіндік береді.

Алайда, бұл дәрілік заттарды жүйелі түрде және шамадан тыс теріс пайдалану адам медицинасы мен азық-түлік өндірісінде барлық елдерге қауіп төндіруде. Әзірлеу сатысында — алмастырғыш препараттардың тек кейбір түрі ғана. Жаһандық ауқымда келісілген және шұғыл әрекеттерсіз әлем «пост-антибиотик» дәуіріне жақындап, ең қарапайым инфекциялардың өзі қатерліге айналуы мүмкін. Микробтарға қарсы препараттарға төзімділік проблемасына тап болмау үшін мамандардың кеңесіне жүгіну және өзін-өзі емдеумен айналыспай, гигиенаны сақтау ұсынылуда.

Бірақ, ең алдымен осы проблеманың қауіптілігін түсіну қажет! Осы жылдың мамыр айында МҚПТ бойынша тақырыптық шолу жарияланып, жаһандық өндірістің жиынтық экономикалық шығыны 100 триллион АҚШ долларын құраған жағдайда, алдын ала қолданылатын әрекеттерге қарамастан МҚПТ-мен байланысты өлім-жітім 2050 жылдарға қарай жылына 10 миллионға дейін артуы мүмкін деген баға берілген. Бұл — микробтарға қарсы препараттарға төзімді инфекциялардан әр 3 секунд сайын адамдардың қайтыс болып отыратындығын білдіреді.

A+ A A-