17.11.2023«2023 ж.16.11.TAVI»
Кардиологиялық орталығында Германия мен Украинадан келген халықаралық мамандардың қатысуымен транскатетерлік қолқа қақпақшасын имплантациялау бойынша шеберлік сыныбы сәтті өтті.
Қолқа қақпақшасының сыни зақымдануы бар 2 пациентке сәтті операция жасалды, операция пациенттердің кеуде қуысын ашпай өтті.
Бұл шеберлік сыныбына: Енс Ролланд (Германия) - жүрек қақпақшаларын құрастыруда техникалық қолдау жөніндегі халықаралық сертификатталған маман, Глеб Емец (Украина) - Украина Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, "Ересектерге арналған БККҒТМО" ауруханасының минималды инвазивті кардиохирургия және траскатетерлік емшаралар бөлімшесінің меңгерушісі, ота кезінде пациенттердің жүрегінің ультра жиілікті бақыланатын ырғағына жауап беретін Кардиологиялық орталық директоры Асхат Молжігітовтың жетекшілігімен осы орталықтың қызметкерлері қатысты. Отаны Мақсат Құдратуллаев пен эндоваскулярлық хирургия және сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі – Д.Тё жүргізді.
*TAVI (аорта қақпақшасын транскатетерлік имплантациялау) – ашық хирургиялық отаға қарсы көрсетілімдері бар егде жастағы адамдарда қолқа жүрек ақауларын емдеудің аз инвазивті әдісі.