13.03.2024Туберкулез бұл – туберкулез микобактериялары қоздыратын жұқпалы ауру
Өкпелер мен басқа да органдарды және организм жүйелерін зақымдайды. Туберкулездің белсенді түріне шалдыққан немесе өкпелерінде деструктивтік процестері бар науқас адамдар, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын жануарлар (ІҚМ, ешкілер, иттер) инфекция ошағы болуы мүмкін. Берілу жолдары: ауа-тамшымен және ауа-шаң-тозаңмен. Аурудың негізгі белгілері бұл – 2 аптадан астам уақытқа созылған жөтел, салмақ жоғалту, дене қызуының көтерілуі, түнгі тершеңдік. Туберкулез – кез келген ұзақ созылмалы аурулардың (сүйектердің, несеп-жыныс жүйесінің, көздің, терінің, ішперде қуысы органдарының) себебі болуы мүмкін .
БЦЖ вакцинасы – нәресте организмінің туберкулезге қарсы иммунитетін қалыптастыруға бағытталған екпе. БЦЖ-мен вакцинацияланбаған бала туберкулезбен ауыратын науқаспен жанасып байланыста болған жағдайда бірден сырқаттанады, оған қоса нәрестенің шетінуіне әкеп соқтыратын туберкулездің ауыр түрлері (туберкулездік мениннит және диссеминацияланған өкпе туберкулезі) өршуі ықтимал. Профилактика және туберкулезге шалдығудың алдын алу мақсатымен, медициналық қарсы көрсетімдер болмаған жағдайда Перинаталдық орталықтың екпе жасау кабинетінде Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес дені сау нәрестелерге туылғаннан кейінгі 2-4-ші тәулікте БЦЖ вакцинасымен вакцинациялау жүргізіледі. Перзентханадан шығарылғаннан кейін баланың анасы екпенің орнын қарап, инфильтрат түзілген жағдайда дереу учаскелік дәрігерге хабарлауы тиіс. Бұдан әрі дәрігер жергілікті вакциналық әсер барысын және балада туберкулезге қарсы иммунитеттің қалыптасуына қатысатын перифериялық лимфа түйіндерін қадағалайды. Жаңа туылған балалар БЦЖ екпелерін қанағаттанарлық өткереді. Егер бала вакцинацияланбаған болса, нәресте перзентханадан шығарылатын жердегі отбасының барлық мүшелері мен қоршайтын жақын адамдар туберкулезге тексерілуі тиіс.
Баласының денсаулығы үшін ата-ананың жауапкершілігі және туберкулезге қарсы міндетті профилактикалық екпе нормативтік құқықтық актілермен регламенттелген:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 85-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты болатын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелерді алуға міндетті.
«ҚР-да баланың құқықтары туралы» ҚР Заңының 8-бабы: Әр бала денсаулығын сақтауға құқылы.
ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы. Балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісті орындамау.