19.11.2018«Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің отырысы
2018 жылдың 1 қараша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Байқау кеңесінің мүшелері қатысты:
- Мауытова Жанна Қабиденқызы — ОПО бас дәрігері;
 - Мұстафина Бейбіт Мұқышқызы;
 - Степанова Людмила Васильевна;
 - Клишина Ольга Геннадьевна;
 - Сәдуақасова Сәуле Қошқарбайқызы.
 
Отырыста Байқау кеңесінің (бұдан әрі — БК) төрайымы және хатшысы сайланды, сондай-ақ мына құжаттар бекітілді:
- БК жұмыс жоспары;
 - Хатшы туралы қағида;
 - Ішкі нормативтік құжаттар классификаторы;
 - Стратегиялық жоспар;
 - Кадр саясаты;
 - Іскерлік этика кодексі;
 - Ақылы қызмет көрсету, ақылы және өзге қызметтерді көрсетуден түскен қаражаттарды пайдалану тәртібі туралы қағида;
 - Ақпараттық саясат туралы қағида;
 - Коммерциялық және қызметтік құпияның сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық.
 







