10.05.2024Аналар күніне орай 2024 жылдың 10 мамыры Перинаталдық орталықта ашық есік күні өтті
Репродукциялық денсаулығы мен жүктілік жөнінде мәлімет алғысы келген көпшілік үшін бұл зор мүмкіндік болды.
Консультациялық қабылдауды репродукциялық денсаулық, жүктілікті жоспарлау, бедеулік мәселелері саласындағы жоғары білікті маман, репродуктолог дәрігер В.Ф.Проценко жүргізді.
Міне, «Аңсаған сәби» арнайы республикалық бағдарламасының біздің орталықта қолданылып жүргеніне 4-ші жыл, осы бағдарлама нәтижесінде мақтан тұтатын «Ана» деген зор әрі бақытты мәртебеге қол жеткізген әйелдердің қатары көбеюде.