15.04.2015Акушер-гинекологтардың облыстық бірлестігі мәжілісінің өткізілуі
Облыстық перинаталдық орталық базасында акушер-гинекологтардың облыстық бiрлестiгiнiң мәжiлiсi өткiзiлдi. Оның жұмысына орталық аудандық ауруханалардың, қалалық емханалар мен стационарлардың дәрiгерлерi қатысты. Шұғыл және жоспарлы акушерлiк-гинекологиялық көмек көрсету, қосымша репродукциялық технология мүмкiндiктерi, халықтың репродукциялық денсаулығын сақтау мәселелерi талқыланды. Дәрiгерлер пациенттердi тексеру алгоритмiн құрастыру және оларды бұдан әрi емдеу үшiн септiгi тиетiн баяндамаларды жасады.