09.06.2015Гинекологияның жаңа технологияларына арналған семинар
2015 жылдың 3 маусымы Облыстық перинаталдық орталықта зертханашы дәрiгерлерге, акушер-гинекологтарға, дерматологтарға, терапевтер мен онкологтарға арналған семинар өткiзiлiп, оның барысында тромбофилия, бактериялық вагиноз және жатыр обырының алдын алу кезiндегi молекулалық-генетикалық зерттеу тәсiлдерi баяндалды. Материалды Мәскеу қаласындағы «Денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру және ақпараттандырудың орталық ҒЗИ» ФМБМ қызметкерi И.С. Галкина ұсынды.