03.08.2015«Аналар мектебінің» жұмысы
Облыстық перинаталдық орталықта «Аналар мектебiнiң» жұмысы жалғасын табуда. Партнерлер үшiн сабақтар күн сайын сағ. 10.00-де өткiзiледi. Жүктi әйелдерге арналған гимнастика күн сайын сағ. 11.00-де басталады. Әр сәрсенбi сағ. 11.00-де акушер-гинеколог, неонатолог пен психологтiң қатысуымен сабақтар өтедi. Сабақтарға қосымша жаңа тақырып енгiзiлдi — госпитализациялау, босану палаталарына орналастыру тәртiбiмен және медицина қызметкерлерiмен таныстыру үшiн босану бөлiмшесiне саяхат жасалады. Атқырылып отырған шаралар жүктi әйелдердiң психологиялық жайлы сезiнуiне және босану даярлығына септiгiн тигiзедi.