27.08.2015Келешек бірінші сынып оқушыларын құттықтау шарасы
Облыстық перинаталдық орталық қызметкерлерiнiң балалары Бiлiм күнiне арналған мерекелiк шараға қатысты. 2015 жылы 21 оқушы жаңа оқу жылын бастағалы отыр, оның iшiнде 1 сыныпқа баратын 9 бала.
Аниматор өткiзген ойын-сауық бағдарламасы балаларға және олардың ата-аналарына да шексiз қуаныш сыйлады. Кәсiподақ комитетi мен ОПО әкiмшiлiгiнiң қолдауымен оқушыларға оқуға қажеттi пайдалы сыйлықтар үлестiрiлдi. Аз қамтылған және толық емес отбасылардың балалары да мектеп керек-жарақтарына ие болды. Мектеп туралы әндер, жұмбақтар, байқаулар, сұрақ-жауап сайысы мен тақырыптық сыйлықтар бұлардың барлығы бiрiншi сыныпқа баратындар үшiн жаңа мектеп өмiрiне дұрыс бағыт алуына ықпал етуге тиiс.