27.07.2016СҚО-ның 80 жылдығы — облыс құрдастары
2016 жылдың 27 шiлдесi СҚО денсаулық сақтау басқармасы Петропавл қ. №3 қалалық емхана базасында Солтүстiк Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған «Дөңгелек үстел» өткiздi, оған денсаулық сақтау жүйесiнiң ардагерлерi шақырылған болатын. Перинаталдық орталық аталмыш шараға белсене қатыса отырып, кездесуге акушерлiк-гинекологиялық қызметтiң ардагерi Патютко Тамара Евстафьевнаны шақырды.
Ауылдық дәрiгер, ота жасаушы, Петропавл қаласы перзентханасының тұңғыш басшысы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы (акушер-гинеколог) — облысымыздың жоғары санатты белгiлi дәрiгерi Тамара Евстафьевна Патютконың қызметте болғаны туралы мәлiмет осындай.
Облыстың денсаулық сақтау саласын дамыту iсiндегi еңбегi үшiн «Еңбек Қызыл Ту» Орденiмен, «Тың және тыңайған жерлердi игергенi үшiн», «В.И. Ленинннiң туғанына 100 жыл толуына орай қажырлы еңбегi үшiн», «Еңбек ардагерi», «Тыл еңбеккерi», «КСРО денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» медальдарымен марапатталған.